Бұл жинақта қасиетті Құран оқып бағыштау туралы Құран аяттары енгізілген. Кітапша барша мұсылман қауымға арналған. 3 Бисмиллаһир рахманир рахим Аса мейірімді, Мейірбан Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ әлемдердің Иесі Аллаға тән. Салауат пен сәлем елшілердің төресіне, оның әулеті мен сахабаларына болсын. Құрметті оқырман! Пайғамбарамыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Мен сендерге қабырлерді зиярет етуге тыйым салған едім, енді зиярат етулеріңе болады. Себебі, қабыр ақыретті еске түсіреді, өлімді ойға оралтады, сөйтіп қайырлыларды молайта түсуі мүмкін. Бірақ, қабыр басында күнә сөз айтудан (яғни, өлген мәйтке жалбарынудан, табынудан, одан медет тілейтін дұға, Алла Тағалаға серік қосатын сөздер айтудан аулақ болу мағынасында) сақ болыңдар!» деген. 4 МАРҚҰМҒА САУАБЫ ТИЕТІН АМАЛДАР Шариғат бойынша тірі адам марқұм болған ата-анасы, бауыры, ағайын-туысы және өзге де мұсылман бауырына дұға етуіне, рухына Құран бағыштауына, истиғфар тілеуіне, садақа беруіне болады. Ол амалдардың сауабы марқұмға жетеді. Дұға етуге қатысты аятта былай деп бұйырады: «Олардан кейін келгендер (иман келтіргендер): «Раббымыз! Бізге және бізден бұрын иман айтқан бауырлары-мызға кешірім айла! Әрі біздің жүректерімізде мүміндерге қарсы зәредей жеккөрушілік жасама! Раббымыз! Расында Сен Мейірбансың һәм Ерекше Мейірімдісің», – дейді» (Хашр сүресі, 10-аят). Ал хадистерде болса былай деп бұйырады: Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алла! 5 Тірілеріміздің күнәсін кешір, өлілерімізді рахымыңа бөле!» – деп дұға еткен (Ахмет б. Ханбал риуаяты). Осман ибн Аффаннан (р.а.) риуаят бойынша Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өлген кісіні жерлеген соң қабірдің қасында тұрып: «Бауырларың үшін Алладан истиғфар тілеңдер әрі оны беріктеуін сұраңдар. Расында ол қазір сұралып жатыр», – деген. (Әбу Дәуіт риуаяты) Мұсылманның діни танымы саласын-дағы мәшһүр еңбектердің бірі Тахауи ақи-дасы кітабында былай делінген: «Тірілердің дұға-тілектері мен садақалары өлгендерге пайда береді». Тірілер Құдай Тағаладан өлілерге кешірім тілеп дұға ететін болса, марқұмдарға оның пайдасы тиеді. Сонымен қатар үш нәрсенің сауабы жететін болады: Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам 6 өлгенде оның үш нәрсесінен – тоқтаусыз садақасы (мысалы, құдық, көпір, медресе) немесе пайда келтіретін білімі (таратқан білімі) немесе артынан дұға қылатын игі жақсы баласынан басқа барлық амалы тоқтайды», – деген (Муслим риуаяты). Берілген садақаның сауабы тиетіні жайында Абдулла ибн Аббас (р.а.) мына хадисті риуаят етеді: «Елден жырақта жүргенінде Сағид ибн Убаданың анасы қайтыс болды. Сонда ол Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)алдына келіп: «Уа, Алланың елшісі! Мен сыртта жүргенде анам қайтыс болыпты. Енді оның атынан садақа берсем оған сауабы тие ме?» – деп сұрады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Иә», – деді. Сонда Сағид (р.а.): «Олай болса, сізді куә етемін, анамның атынан бағымды Алла жолында садақаға беремін», – деді». (Бұхари руаяты) 7 ҚАБІРДІ ЗИЯРАТ ЕТУ Ақыретті ойлап, қабірстанды зиярат ету шариғатта бұйырылған амал. Хадисте (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қабірлерге зиярат етіңдер. Ол ақыретті еске түсіреді», – делінген. Барған адамдар Құран оқып, дұға жасағаны жөн. Мәйітке оның пайдасы бар. Қабірстанға кез-келген уақытта да баруға болады. Зияратқа барған адамның мына сөздерді айтуы керек: “Әссәләму ъаләйкум әһләд-диәри минәл-му’мининә уәл муслиминә, уә иннә ин шә-аллаһу бикум ләхиқун уә ярхамул-лаһул –мустәқдиминә миннә уәл-мустә’хирин әс-әлуллаһә ләнә уә ләкумул-ъафияһ”. Мағынасы: «Әссәләму алейкум уа, бұл мазарда жатқан мүміндер мен мұсылмандар! Алла қаласа біз де (бір күні) сіздерге қосыламыз (бізден бұрын өткендерді де, бізден кейін өткендерді де Алла рахым етсін). Алладан өзімізге де, сіздерге де азаптан құтқаруды сұраймыз». 8 Қабір зияраты мәселесінде ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету сауап амалға жатады. Зиярат етуші зияратты шариғат үкімдеріне сай атқаруы тиіс. Марқұмдардан еш нәрсе сұралмайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Үмбетіме бір заман келеді. Сонда олар бес нәрсені қатты жақсы көріп, бес нәрсені мүлде ұмытады: 1. Дүниені жақсы көріп, ақыретті ұмытады; 2. Өмірді жақсы көріп, өлімді ұмытады; 3. Зәулім сарайларды жақсы көріп, қараңғы қабірлерді ұмытады; 4. Мал-мүлікті жақсы көріп, оған беретін есепті ұмытады; 5. Жаратылысты жақсы көріп, Жаратушыны ұмытады». 9 ҚАБІР БАСЫНДА ДҰҒА ЖАСАУ Мәйіт жерленген соң жамағаттың аз уақыт кідіріп, оған дұға жасауы, Алладан кешірім тілеуі, Құран оқуы – сүннет. Осман ибн Аффан (р.а.) былай дейді: «Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәйітті жерлеп болған соң қабір басында тұрып: «Бауырларың үшін кешірім тілеңдер және оған Алладан беріктік сұраңдар. Расында ол қазір сұралуда деген» (Әбу Дәуд. 3/209). Қабір басында Құранның кез келген сүресін оқуға болады. Бірақ «Фатиха», «Ықылас» сүрелерін оқу халқымызда дәстүр болып қалған. ӘУЛИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІ ЗИЯРАТ ЕТУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТӘРТІПТЕРІ Шариғат жолымен қабірстанды зиярат ету ережелері мен тәртіптеріне қысқаша тоқталып өтуді жөн санаймын. 10 – Әуелі зиярат етуші адам ниетті дұрыстауы қажет. Яғни, ниет бір Алла Тағаланың разылығы үшін болу; – Зиярат кезінде дәрет немесе ғұсыл (бойдәрет) алып шығу; – Үйден шығарда екі рәкағат сапар намазын оқу; (Бұл екі ракат намаз Алла Тағаладан жол азабынан, қауіп-қатерден сақтай гөр деген мағынада оқылады) – Зиярат етудің негізгі мақсаты – тарихи жерлермен танысу және сол жерде жатқан марқұмдардың ақысына дұға ету; – Қабірстанға кірген кезде сәлем беру; – Мазар ішінде орта жүріспен, жәй жүру; – Қабірды сипаудан, сүюден, айналудан (тауаф етуден) сақтану; (Қабірды сүю, қолмен сипау, көзге сүрту, т.б. амалдар жасау өзге діндегілердің ұстанатын мәселесі болып табылады) – Қабір үстін баспау керек. Өйткені, қабыр үсті - мәйіттің ақысы. Екі қабірдың ортасынан өтерде тәкбир, тасбих, тахлил, 11 дұға ету ләзім. Қабір ішінде «Аллаһу акбар» немесе «Аллаһу Акбар, Аллаһу акбар, Ләә иләһә Иллаллаһу, Аллаһу акбар, Аллаһу Акбар уа лиллаһи-л-хамд» деп айту; – Құран бағыштауда құбыла тарапқа қарап оқыған жөн; – Дұға – тілекті тек бір Алла Тағаладан тілеу; – Қабірге қарап дәрет сындырудан, түкіруден, т.б. жағымсыз іс-әрекеттен аулақ болу; (Пайғамбарамыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қабірстандағыларды тірі кездегідей құрмет етуді бұйырған) – Қабірстанның ішінде ғайбат сөз айтудан, боғауыз сөздерден тыйылу; – Зиярат орындарында темекі, насыбай, ішімдіктер ішуден сақ болу; – Кесенелер мен мазарларға оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шығу – марқұмға деген құрметтің бір түрі; – Әулиелі жерлерде түнеу мәселесі дінде көрсетілмеген; 12 – Мазарға қарап намаз оқудан мүмкіндігінше сақтанған жөн. Бұл жөнінде Пайғамбармыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Қабірлерге қарап намаз оқымаңдар және олардың үстіне отырмаңдар» (Имам Мүслим). – Мазарға барып, қабір жанында құрбандық шалуға болмайды; – Қорым немесе кесене ішінде тамақ жемеу; – Қабір немесе кесенелердің төрт бұрышына шамшырақ жағу – діндегі тыйым салынған амалдардың бірі. Бұл амал бақсы-балгерлердің ойдан жасап алған амалдары. – Зиярат жасаушы әйел кісілер (қыз баласы) басына орамал байлап, денесіне жабық киім кию; – Зиярат ету барысында көпшілікке діни уағыз айту – жақсы амалдардың қатарынан саналады. Жалпы, адам баласы бір-бірін жақсылыққа шақырып, жаман-дықтан қайтаруы тиіс; 13 – Мазар басына қымбат тастар, күмбез орнату – ысырап. Ең дұрысы, зират жасауға кететін қаражатты жетімдер үйіне немесе жоқ-жітіктерге берудің сауабы жоғары екенін түсінген жөн; – Мазарларға мүсіндер орнату, тастарға марқұмның суретін салдыру – дінге қайшы; – Мола жанындағы өсіп тұрған ағаштарға шүберек, мата байлау шариғатқа қайшы; – Мазар басында жылап-сықтау – мәкрүһ (мәкрүһ – ұнамсыз деген сөз). – Мазар басында дауыс көтеруден, әзілдесуден сақтану; – Құран тіләуат ету, жақсы тілектермен дұға жасау, садақа беру сияқты қайырлы істердің сауабын мәйітке бағыштау; – Молада жатқан марқұмдардың өмірдегі жақсылықтарын еске алу сауапты амал болып саналады. Дініміз де қайтыс болған адамның өмірдегі тек жақсы амалдарын айтуға бұйырады. Ал, оның өмірдегі күнә істері мен теріс амалдарын айтудан сақтанған жөн. 14 (1-ші нұсқа) МАРҚҰМҒА ҚҰРАН БАҒЫШТАУ Фатиха сүресі Әузу билләһи минаш-шайтонир ражим. Бисмилләһир рахманир рахим. Әл-хамдулилләхи раббил ьаләмин. Ар-рахманир рахим. Мәлики иаумид-дин. Ияка наъбуду уа ияка настәъ - иин. Иһдинас сиротол мустақиим. Сиротол-ләзина ән-ъамтә ъалайһим. Ғайрил мағзуби ъалайһим уаладзоол-лиин. Әмин! (1-рет оқылады) Ықылас сүресі Бисмилләһир рахманир рахим. Қул хууал - лаһу ахад. Аллаһус - сомад. Ләм иалид, уалам юләді. Уалам иакул-ләху куфууан ахад. (3-рет) Сада қаллахул аълиюл аъзим. 15 Субхана раббика раббил ъиззати ъамма ясифун. Уасаламун ъалал мурсәлиин. Уал-хамдулил – ләһи Раббил ъаламиин. Әмин! Мұнан соң екі қолды көтеріп, мына төмендегідей дұға айтамыз: «Уа, Ұлы Алла, осы оқылған Құранның - «Фатиха», «Ықылас» сүрелерінен болған сауабын Пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алайһи уә салламға, Адам (ғ.с.) атамыз бен Хауа анамызға, барша Пайғамбарлар мен сахабаларға, дүниеден өткен барша мұсылмандарға және ата-бабаларымыздың рухтарына бағыштадым. «Раббанә әтинә фиддуня хасанәтән. Уә фил- ахирати хасанәтән уә қина азәбан-нәр» Әмин, Аллаһу әкбар деп дұға етіледі. (Немесе өз білген дұғамызды қосып оқуымызға болады). 16 (2-ші нұсқа) ҚҰРАН БАҒЫШТАУДЫ ҮЙРЕНЕЙІК: «Фатиха» сүресі Әузу билләһи минаш-шайтонир ражим. Бисмилләһир рахманир рахим. Әл-хамдулилләхи раббил ьаләмин. Ар-рахманир рахим. Мәлики иаумид-дин. Ияка наъбуду уа ияка настәъ - иин. Иһдинас сиротол мустақиим. Сиротол-ләзина ән-ъамтә ъалайһим. Ғайрил мағзуби ъалайһим уаладзоол-лиин. Әмин! (1-рет оқылады) АЯТҮЛ КҮРСИЙ Бисмилләһир рахмәнир рахим. «Аллаһү лә иләһә иллә һүәл һаййюл қаююм. Лә тәхузүһү синәтү уәлә нәуум. Ләһү мә фиссәмә-әуәти уә мә фил ардз. Мән зәлләзии иәшфау ындаһү иллә би изниһ. 17 Иалләму мә бәйнә әйдииһим уә мә халфәһүм. Уә лә юһиитуунә бишәй иммин илмиһии иллә бимә шә. Уәсиа күрсиюһұс сәмәуәти уәл ардз. Уә лә иәудүһү һифзуһумә уә һуәл алииюл азийм». Мағынасы: Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Аллаһ Тағала, одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер оған тән. Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді. Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа ешнәрсе білмейді. Оның күрсісі (билігі) көктер мен жерді қамтиды. Оған, оларды қорғау ауыр келмейді. Және ол, өте биік, аса зор. Сада қаллахул аълиюл аъзим. Субхана раббика раббил ъиззати ъамма ясифун. Уасаламун ъалал мурсәлиин. Уал-хамдулил – ләһи Раббил ъаламиин. Әмин! 18 (3-ші нұсқа) ҚҰРАН БАҒЫШТАУДЫ ҮЙРЕНЕЙІК: «Фатиха» сүресі Әузу билләһи минаш-шайтонир ражим. Бисмилләһир рахманир рахим. Әл-хамдулилләхи раббил ьаләмин. Ар-рахманир рахим. Мәлики иаумид-дин. Ияка наъбуду уа ияка настәъ - иин. Иһдинас сиротол мустақиим. Сиротол-ләзина ән-ъамтә ъалайһим. Ғайрил мағзуби ъалайһим уаладзоол-лиин. Әмин! (1-рет оқылады) ЯСІН СҮРЕСІ Бисмиллаһир рахманир рахим «Иа.син. 1. Уал қур-анил хаким. 2. Иннака ламинал мурсалин. 3. Ъала сиратим мустақим. 4. Таңзилал ъазирир рахим. 5. Литуңзира қаумам-ма уңзира а-ба уһум фаһум ғафи-лун. 6. Лақад хаққал қаулу ъала 19 аксариһим фахум ла иу-минун. 7. Инна жаъална фии-аъна қиһйм ағла-лаң фи һийа илал азқани фаһум муқ-махун. 8. Уа жаъална мим-байни ай-дийһим саддау -уа мин халфихим сад-даң фағшайнаһум фаһум ла иубси-рун. 9. Уа сауаа-ун ъалайһйм а-аңзар-таһум әм-лам туңзирһум ла иу-минун. 10. Иннама туңзиру манит табаъаз- зикра, Уа хашийар рахмана билғайб, фа баш-ширһу бимағфи-ратиу уа ажрин карим. 11. Инна нахну нухил маута уа нактубу ма қаддаму уа әсәраһум, уа кулла шай-иң ахсайнаһу фи имамим мубин». Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын! «Иа, Син – (мағынасын бір Алла біледі) (1). Хикметті Құранмен ант етейін: сен (Мұхаммед) жіберілген Пайғамбарлардансың, тура жолдасың (2, 3, 4). Ата-бабалары ескерту естімеген (елші келмеген), мүлде қаперсіз қалған бір қауымды ескерту үшін, (Құран) саған өте 20 үстем, қайырымы мол Алла тарапынан түсірілген (5-6). Олардың дені (жаза тартуға) үкім етілуге тиісті болды. Ендеше олар иман айтпайды (7). Шынын айтайық, біз олардың мойнына иектетіп отырып ажырғы (тақтай) байладық. Сол үшін де олардың бастары иілмейді (яғни иманға келмейді, бас имейді) (8). Олардың алдына да, артына да қалқан қойдық, көздерін көлегейлеп тастадық. Сондықтан да олар (иман жолдарынан) еш нәрсе көрмейді (9). Ескертесің бе, ескертпейсің бе, оларға бәрібір, иман келтірмейді (10). Сен тек Құран (жолына) ерген, мархаматы мол Алланы көрмей-ақ (одан) қорыққан адамды ескерте аласың. Алланың жарылқайтынын, ең жақсы сауап (берілетінін) айтып, қуанышты хабар бер (11). Өлгендерді біздің тірілтетінімізге дау жоқ, (бұл дүниеде) олардың істеген істерінің, ізгіліктерінің бәрін жазып қоямыз. Бүкіл жаратылысты біз айқын дәптерге (лаухулмахфузға) толық жазып қойғанбыз (12).» 21 Сада қаллахул аълиюл аъзим. Субхана раббика раббил ъиззати ъамма ясифун. Уасаламун ъалал мурсәлиин. Уал-хамдулил – ләһи Раббил ъаламиин. Әмин! 22 ИМАН КАЛИМАЛАРЫ Иманның алғашқы шарты - Алла Тағалаға сену. Алланың Біреу екеніне және бүкіл сипаттары әбден кемеліне келіген. Және Оның бүтін сипаттарында нұқсан жоқ. Ол бәрінен пәк, таза. Ал енді иман калималарын жатқа біліп, әрдайым айтып жүру керек. 1) Кәлимаи-Таухид: «Лә иләһа иллаллаһу, Мухаммадүр расулуллаһ». Мағынасы: «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алланың Елшісі әрі Құлы екеніне сену. 2) Кәлимай-Шаһәдат: «Әшһаду әллә илаһа иллаллаһ, уә әшһаду әннә Мұхаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ». Мағынасы: «Мен куәлік етемін, Алладан басқа Тәңір жоқ екендігіне, және де куәлік етемін. Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алланың Құлы әрі Елшісі екендігіне». 23 Бұл қасиетті сөйлемді тілмен айтып, жүрегіне сіңірген кісі, Ислам дініне кірген болып саналады. Бұл екі сөйлемде сенім үшін қажетті барлық нәрсе бар. Сондықтан, иманның (сенімнің) алғашқы сатысы болып есептеледі. Ал енді, Жаратушы Алла Тағаланың Жалғыз екендігіне толық сенген соң және Алла әмір еткен амалдарды орындау міндет. ДҰҒАЛАР (қосымша оқу құралы) Пайғамбар Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сіздерден біреуіңіз дұға еткенде, әуелі Аллаға мақтаулар және Пайғамбарға салауат айтқаннан кейін қалағанынша дұға етсін», – және: «...Егер пендесі қолын көтеріп, Одан (Алладан) сұраса, оның қолын бос қайтаруға ұялады», – деген екен. 24 АМАНДАСУ ДҰҒАСЫ «Әс-сәләму ъалайкум». Жауап беру дұғасы: «Уә ъалайкум әс-сәлам уә-рахма-туллаһи уә бәрәкә-тууһ!» делінеді. ҚУАНЫШТЫ НӘРСЕ ЕСТІГЕНДЕ: «Субханаллаһ» және «Аллаһу әкбар»-ды қайталап айту керек. ИМАН ҮЙІРУ ДҰҒАСЫ: Яғни жан тәсілім етейін деп жатқан адамға бұл кәләмді айтқызу немесе өзің жәй ғана етіп оқып отыру. «Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур расулуллаһ». «Әшһаду әл-ләә иләһә иллаллаһ, уә әшһаду әннә Мухаммәдан ъабдуһуу уә расуулуһ». Бұған қосымша етіп Ясін сүресін немесе білген сүрелерін оқып отыруға болады. Хадисте: «Кімнің ең ақырғы сөзі Лә иләһә Иллаллаһ Мухаммадур расулуллаһ болса, оның жәйі жәннат» деген. 25 ҚҰРБАНДЫҚ МАЛ ШАЛУ ДҰҒАСЫ: Құрбандыққа шалынатын мал тек қана Алла үшін болуы парыз. Дұғасы: «Бисмилләһи, Аллаһу Әкбар». ҚАТТЫ ҚОРЫҚҚАНДА, БІРЕУ ҰРЫСЫП ЖАТҚАНДА ЖӘНЕ ҚҰРАН ОҚУДАН АЛДЫН ОҚЫЛАДЫ: «Аъузубилләһи минаш-шайтанир ражим, Бисмилләһир рахманир рахим» деп қайталап айтып жүру керек. ТҮШКІРГЕНДЕ: Түшкірген адам: «Әл-хамдулилләһ» деп айтады. Ал оны естіген адам: «Ярахамукәл-лаһу!» дейді. Әлгі түшкірген: «Иаһдй-кумул-лаһу уа юслиху бәләкум» деп айтады. ҰЙЫҚ

Теги других блогов: оқу Құран бағыштау